aspan

«ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛА»

Өткен аптада қалада жалпы 184 қылмыстық іс тіркеліп, оның 6-сы сотқа жолданды. Ең көп кездесетін қылмыстар – алаяқтық (57 іс), ұрлық (43 іс), есірткінің заңсыз айналымы (10 іс) және жол-көлік оқиғалары (9 іс).
Алаяқтықтың басым бөлігі интернет-алаяқтық болып, негізгі тәсілдер: тауарлық жарнамалар арқылы сатып алу, инвестиция жасауға ақша аудару, банк қызметкері немесе мемлекеттік қызметкер атынан жалған қоңырау шалу, несие рәсімдеу. Мысалы, өткен аптада бір тұрғынға жергілікті аурухананың қызметкері атынан қоңырау шалып, 1 200 000 теңге қаражатты алаяқтықпен жымқырған.
Сонымен қатар, интернеттегі есірткі дүкендері жастардың заңсыз әрекетіне жол ашуда. Белгісіз адамдар банк карталары арқылы есірткі сатумен айналысып, адамдардан ақша алып кеткен фактілер тіркелді.
Қалада жол-көлік оқиғалары да көбейіп келеді. Негізгі себептер – жылдамдықты арттыру, телефонға алаңдау, рұқсат етілмеген жерден жолдан өту, кәмелетке толмағандардың ережесіз скутер мен самокат жүргізуі, мас күйінде көлік басқару.
Көпқабатты үйлерде велосипедтер, бала арбалары сияқты заттардың ұрлануы да күннен-күнге артып отыр. Мысалы, 6 қарашада Қонаев көшесіндегі бір үйден бала арбасы ұрланған.
🔹 Қала тұрғындарына ескерту:
• Белгісіз адамдарға банк карталарын бермеңіздер;
• Қаржы немесе сыйақы талап еткен адамдарға сенбеңіздер;
• Қауіп туындаған жағдайда 102 нөміріне хабарласыңыздар;
• Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар, ал ата-аналар балалардың қауіпсіздігін қадағалауы тиіс;
• Дәліздерде заттарды қараусыз қалдырмаңыздар.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздың қолымызда. Ескертуге мән беріп, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

В ШЫМКЕНТЕ ПОЗДРАВИЛИ СПАСАТЕЛЕЙ С ПРОФЕССИОНАЛЬНЫМ ПРАЗДНИКОМ

ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІ КЕЗЕКТІ ТРАНСПЛАНТАЦИЯНЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

Пікір қалдырыңыз