aspan

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ҚАРАЛДЫ

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып, соңғы жылдары бұл салада айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілуде. Халықаралық тәжірибеде тиімділігін дәлелдеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты елімізде белсенді түрде енгізіліп, тұрақты даму үстінде.
Осы бағыттағы жұмыстарды талқылау мақсатында Шымкент қаласындағы Достық үйінде Мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұйымдастыруымен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-қызмет өкілдері қатысқан дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының мамандары мен кәсіби қауымдастық сарапшылары қатысты. Талқылау барысында қатысушылар комплаенс жүйесінің тиімділігін арттыру, жемқорлық тәуекелдерін төмендету және алдын алу тетіктерін жетілдіру мәселелерін қарастырды.
Айта кетсек, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің құқықтық негізі 2020 жылы қаланған. Сол жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға енгізілген өзгерістер арқылы комплаенс-қызметтің құқықтық мәртебесі бекітілді. Бұл жаңалық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару мен алдын алу жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.
2021 жылы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігі мен есептілігін күшейтуге бағытталған қосымша нормалар қабылданды. Осылайша, мамандардың ұйымішілік бақылау функцияларын күшейтіп, олардың басшылықтан тәуелсіз жұмыс істеуіне құқықтық негіз қалыптасты.
2023 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-қызметтің жұмысын үйлестіру, әдістемелік қолдау және оқыту іс-шараларын ұйымдастыру міндетін атқарып келеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жұмыстан босатылған шенеуніктер мен судьяларға тағы бір мүмкіндік беріледі

ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮДІКТІЛЕРДЕН ІРІ КӨЛЕМДЕ «СИНТЕТИКА» ТӘРКІЛЕДІ

ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «OMIR SHYMKENT» ГЛЭМПИНГ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Пікір қалдырыңыз