aspan

ТӘЖІРИБЕЛІ ПЕДАГОГ СОТТА ЖЕҢІП, ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЙТА КІРІСТІ

Шардара ауданында заңсыз жұмыстан босатылған мектеп директоры сотта өз құқығын қорғап, әділдікке қол жеткізді. Райгүл Қиясқызы Мусалиева – Төлеген Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының бұрынғы басшысы, енді – заңды түрде қайта тағайындалған директоры.

Шардара ауданында заңсыз жұмыстан босатылған мектеп директоры сот арқылы әділеттілікке қол жеткізді. Райгүл Мусалиева – Төлеген Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының директоры қызметіне қайта оралды. 2025 жылдың 20 маусымында Шардара аудандық білім бөлімінің №74 бұйрығымен ол еш ескертусіз қызметінен босатылған. Бұл шешіммен келіспеген басшы сотқа талап-арыз түсірді. Төрт ай бойы қаралған істің қорытындысында аудандық сот №74 бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жойды. Соттың заңды шешімімен Мусалиева 2025 жылдың 10 қарашасынан бастап директор лауазымына қайта тағайындалды.

Бұл жағдай – заң аясында азаматтың құқығын қорғауға болатынының дәлелі. Райгүл Мусалиева білім беру ісіндегі жолын жалғастыра отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуге бұрынғыдан да белсене кіріспек. Жалпы, Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы – Шардара ауданындағы алдыңғы қатарлы білім ұясы. Райгүл Қиясқызының басшылығымен бұл мектеп педагогикалық ұжымның кәсіби әлеуетін арттырып, көптеген жетістікке қол жеткізген.  2024-2025 оқу жылын табысты аяқтаған мектеп ұжымы түрлі деңгейдегі байқауларда жақсы нәтиже көрсетіп, ауданның білім сапасына өз үлесін қосты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЭС: сенімді энергия көзі

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ФАКТІСІ АНЫҚТАЛЫП, АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Тимур Елеусизов мәслихат сессиясында боғауыз сөз айтты: Алматыда депутат қалай жазаланды.

Пікір қалдырыңыз