aspan

ГЕНЕРАЛ-МАЙОР Ж.СҰЛТАНОВ 80 ЖАСТА!

Шымкент қалалық Полиция департаментінде ішкі істер саласының ардагері, генерал-майор Жеңісбай Сұлтановтың 80 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.  Іс-шараға департаменттің толық жеке құрамы мен ішкі істер саласының ардагерлері қатысып, мерейтой иесін құрметпен қарсы алды. Патриоттық әндер шырқалып, өнегелі әңгімелер айтылды

Шымкент қалалық Полиция департаментінің ұйытқы болуымен өткен жиын ерекше форматта ұйымдастырылды. Ардагердің өмір жолына арналған бейнероликпен бастау алған жиын, саланың ардагеріне деген шынайы құрметтің белгісі болды.  Генералдың жас офицерлерге жол көрсетіп, бағыт берген сәттері, құқық қорғау саласындағы қайраткерлік қызметі, елге сіңірген еңбегі видеоматериалда кеңінен қамтылды. Одан соң Жеңісбай Әбдікәрімұлы сахна төріне шығып, өзінің жарты ғасырлық еңбек жолындағы қызықты оқиғалар мен тарихи сәттерден сыр шертіп, кейінгі ұрпаққа ой тастады.

Салтанатты басқосуда Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысы ардагердің ел ішіндегі тәртіпті нығайтудағы еңбегін атап өтіп, генералға қазақы дәстүрмен шапан жапты. Сондай-ақ кәде сый ретінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің символикалық тұтқасын тарту етті.

Жеңісбай Сұлтанов ішкі істер органдарындағы қызметін 1974 жылы бастаған. 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер басқармасының бастығы қызметіне тағайындалып, өңірдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде елеулі еңбек сіңірді. 1995 жылы оған “милиция генерал-майоры” атағы берілді. Ол басқарған жылдары қылмыспен күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп, кадрлық саясат пен тәртіптілікке ерекше мән берілді. Зейнетке шыққан соң да салаға қол үзбей, жас мамандармен тәжірибе бөлісіп келеді.  Салтанатты жиын соңында, Полиция департаментінің ұжымы  мерейтой иесіне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеп, шынайы алғысын білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР АРАСЫНДА “КҮЗГІ КРОСС” ӨТТІ

ШЫМКЕНТ   ҚПД ӘЛ-ФАРАБИ   АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ   БАСҚАРМАСЫ

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

Пікір қалдырыңыз