aspan

БИЫЛ ОБЛЫСҚА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 543,5 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖЕТТІ

Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін арттыру, жаңа өндіріс орындарын ашу мен экономикалық өсімді нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыста 2025-2028 жылдар аралығында 111 инвестжобалар пулы қалыптасып, бұл бағытта тұрақты жұмыстар жалғасуда. Жоба толық іске асқан жағдайда 23 915 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Биыл  58 инвестициялық жоба қолға алынып, нәтижесінде 8 250 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі уақытта 34 инвестжоба іске қосылып, 4889 адам жұмыспен қамтылды. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар мен анықталған мәселелер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті апталық мәжілісінде кеңінен талқыланды. Осы салада бекітілген индикаторға қол жеткізбеген аудан, қала әкімдері мен орынбасарларының жауапкершілігі қаралады.

Түркістан облысының инвестициялық климатын жақсарту, өңірге отандық және шетелдік капиталды тарту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл облысқа негізгі капиталға салынған инвестициялар көрсеткішін 1 трлн. 427,1 млрд. теңгеге жеткізу міндеті жүктелген. 9 айдың қорытындысымен облыстың капиталына тартылған инвестициялар көлемі 1 трлн. 12,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,9 %-ға жоғары.

Жалпы жыл басынан бері 92-ден астам шетелдік компаниямен кездесулер өтіп, ҚХР,  Иран және Өзбекстан елдеріне ресми сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде арнайы аймақтарда белсенді қоспалар мен дәрумендер өндірісі, кеңселік қағаз өндірісі, сэндвич-панельдер мен еден жабындарын өндіру, тамшылатып суару жүйелерін енгізу, балыққа арналған құрама жем өндіру және өсімдік майын өндіру жобалары іске асырылмақ.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: 300-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

БИЫЛ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Депутат и глава филиала Amanat попала в ДТП

Пікір қалдырыңыз