aspan

ПРЕЗИДЕНТ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САЛАЛАРҒА 1 МЛРД ДОЛЛАР ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӨНІНДЕ ТАПСЫРМА БЕРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың жоғары технологиялық бағыттарына ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, ел экономикасын әртараптандыру және инновациялық әлеуетін арттыру үшін жоғары технологиялық салаларға бір миллиард долларға дейін инвестиция тарту туралы бағдарлама әзірлеу қажет.
Бұл маңызды тапсырманы Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаның негізгі мақсаты – елдің өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетін күшейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашу, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және экономиканы сапалы өсім траекториясына шығару.
Мемлекет басшысы атап өткендей, жоғары технологиялық салаларды дамыту еліміздің болашағына салынған инвестиция. Бұл бағыттағы жүйелі шаралар Қазақстанның халықаралық экономикалық беделін арттырып, инновациялық ортаны қалыптастыруға ықпал етпек.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент пен Сиань қалалары арасында ынтымақтастық артады

«Сізді тұңғиыққа ұшып бара жатқандай сезінесіз». Алматыдағы люктермен не болып жатыр

Салалық кеңестердің құрамы бекітілді

Пікір қалдырыңыз