aspan

ШЫМКЕНТТЕ КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС АЛҚАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында көп балалы аналар салтанатты түрде марапатталды. Мегаполистегі 300-ден астам ана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік марапатқа ие болды.
Ел болашағына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандарға құрмет көрсетіліп, 101 ана «Алтын алқамен» марапатталды, 200 анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табыстылды.
Жауапты мамандар ұрпақ тәрбиелеп, елдің демографиялық өсіміне зор үлес қосып жүрген аналарға ізгі тілектерін арнады, асыл жандардың әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте 39 мыңнан астам көп балалы ана тұрады. Олардың ішінде 4 мыңға жуық ана «Алтын алқа» иегері болса, 12 мыңға жуық ана «Күміс алқа» тағынған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТУЫЛҒАН СӘТТЕ ЖҮРЕГІ ТОҚТАП ҚАЛҒАН: ДӘРІГЕРЛЕР АУЫР ЖАҒДАЙДАҒЫ СӘБИДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР АРАСЫНДА “КҮЗГІ КРОСС” ӨТТІ

Алматыда жазушы Еркінбай Әкімқұловтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Пікір қалдырыңыз