aspan

ТҮРКІСТАН МЕН ХОРЕЗМ ОБЛЫСТАРЫ ТУРИЗМДІ БІРЛЕСЕ ДАМЫТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясының Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары жалғасып жатыр. Мақсат –  әріптестікті нығайту, туризм саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу. Жұмыс сапары Хорезм облысында жалғасып, Нұралхан Көшеров Хорезм облысының хокимі Журабек Рахимовпен кездесті. Өңір басшысы туризм саласындағы әріптестікті тереңдету мәселесін көтерді.

Түркістан және Хорезм облыстары көптеген жағынан ұқсас – бізді бай тарих, дәстүрлер, мәдениет пен өмір салтымыз біріктіреді. Екі өңір де ұлы өркениеттердің бесігі саналады. Бұл жерлерде ұлы ойшылдар, ғалымдар мен шеберлер дүниеге келді, ал Ұлы Жібек жолы ежелден біздің аймақтарды байланыстырып, мәдени және сауда алмасуына ықпал етті. Түркістан облысы да Хорезм сияқты ерекше туристік әлеуетке ие.  Өңірде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Оған жыл сайын 1 миллионнан астам турист пен зияратшы келеді. Облыс аумағында 1800-ге жуық  тарих пен мәдениет ескерткіштері бар, сондай-ақ, ЮНЕСКО биосфералық аумақтар желісіне енгізілген 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан.  Түркістанда жыл сайын 3 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық әуежай жұмыс істейді. Әуе қатынасын дамыту мақсатында біз жеңілдігі бар арнайы бағдарлама әзірледік. Орталық Азияның екі ежелгі рухани орталығы арасындағы тұрақты әуе рейстері трансшекаралық туризмді дамытуға және Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін береді, – деген Нұралхан Көшеров бірнеше нақты ұсынысын жеткізді.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫ ТҰРАҚТАНДЫРЫЛУДА

198,5 мың адам МӘСҚ-тен жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

Қазаққа тіл тигізген қарағандылық әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Пікір қалдырыңыз