aspan

МӘСЛИХАТТА 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес Шымкент қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетінің жобасы қалыптастырылып, қалалық мәслихат қарауына ұсынған болатын.

Бекітілген кестеге сәйкес, мәслихат депутаттары тиісті комиссияларда бюджет жобасымен танысуда. 2025 жылдың 5 қарашасында қала мәслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Ескараев 2026-2028 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасын таныстырды. Сонымен қатар, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының үш жылға алған шығыстарды туралы толыққанды мәлімет берді.

Одан бөлек, Ерлан Бастарұлы қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуының негізгі бағыттары туралы есеп берді.

Депутаттар өз кезегінде, қаралып жатқан мәселелер бойынша сұрақтар қойып, бюджет тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру бойынша ұсыныстар енгізді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: 300-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Алматыдағы Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілді

Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Ташкенттегі дипломатиялық қызметін аяқтады.

Пікір қалдырыңыз