aspan

ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН МЕКТЕП ҒИМАРАТЫНЫҢ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Ашылғанына енді 2 жыл болған мектеп қирап жатыр . Білім ордасының қабырғасына сызаттар түсіп, едені ойысып, қирап қалған. Мектеп Батыс Қазақстан облысы Магистральное ауылында орналасқан . Оқу ғимаратының мүшкіл хәлі туралы алғашқыда ешкім хабарламаған.Десе де қазан айының соңында мектепке жаңа директор келіп, дабыл қаққан. Оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігіне алаңдап, тиісті органдарға хабар берген. Қазіргі таңда оқушылар көрші ауылдардағы білім беру мекемелеріне ауыстырылған. Балаларды тасымалдау ұйымдастырылып, кезекші мұғалімдер бекітілген . Ал құрылыс басқармасы зақымдалған қабырғалар бұзылып, қалпына келтірілетінін айтты. Жөндеу жұмыстары жақында басталады дейді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛДІ

ҚАЛАМЫЗДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕП ОТЫР

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ, БЕЛГІЛІ АҚЫН МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ ҰЛЫ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ.

Пікір қалдырыңыз