aspan

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті рет азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Түрлі өтініштері мен ұсыныстарын айта келген тұрғындарды, негізінен, баспана және жер мәселелері, әлеуметтік қамсыздандыру, заңсыз құрылыс нысандары мен білім беру саласының мәселелері мазалайды.
Мегаполис әкімі, басқармалардың жетекшілері мен аудан әкімдері 150-ден астам тұрғынды қабылдады. Барлық арыз-шағым мұқият тыңдалып, әрқайсысына тыңғылықты жауап берілді, шешілу жолдары анықталып, жауапты орындаушылар бекітілді.
Айта кету керек, қабылдауға келген барлық азаматқа мәселесінің шешілуіне орай жауап беріледі. Қала әкімі тиісті басқармалардың жетекшілері мен аудан әкімдеріне тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауды, сонымен қатар, атқарылған жұмыс бойынша азаматтарға хабарлауды тапсырды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстандықтардан грантты әзірлеуді талап ету заңды ма, деп жауап берді заңгер

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

ТОРНАДО САЛДАРЫНАН 7 АДАМ АЖАЛ ҚҰШТЫ

Пікір қалдырыңыз