aspan

ҚАЛАМЫЗДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕП ОТЫР

Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдары 179 қылмыстық істі тіркеп, оның 3-ін сотқа жолдады. Ең жиі тіркелген қылмыстар — алаяқтық (63 іс), ұрлық (44), есірткі айналымы (11) және жол-көлік оқиғаларына қатысты істер (9).
Алаяқтықтың негізгі түрлері интернет арқылы жасалған: тауар жарнамасы (16), жалған инвестиция (4), өздерін банк не мемлекеттік қызметкер ретінде таныстыру (12), несие рәсімдеу (4), коммуналдық қызмет өкілдері атынан қоңырау шалу (6).
Мысалы, белгісіз адам өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерден 600 мың теңге иемденген.
Сондай-ақ тұрғындарға өз банк карталарын бөгде адамдарға бермеу ескертілді. Бір жағдайда азамат өз картасын танысына уақытша беріп, ол арқылы есірткі сатумен айналысқан тұлға есеп айырысқан.
Қалада жол-көлік оқиғаларының көбеюі — жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен телефонға алаңдауынан, жаяу жүргіншілердің жолды рұқсатсыз кесіп өтуінен және кәмелетке толмағандардың скутер, самокатты ережесіз жүргізуінен болып отыр.
Полиция тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға, көлік жүргізгенде жол ережесін қатаң сақтауға және балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҮРКІСТАН МЕН ХОРЕЗМ ОБЛЫСТАРЫ ТУРИЗМДІ БІРЛЕСЕ ДАМЫТАДЫ

МӘЖІЛІСМЕНДЕР ҚҰНЫ 650 МЛН ДОЛЛАРЛЫҚ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз