aspan

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА

Шымкент қаласының экологиялық департаменті алдағы уақытта тексерулерді одан әрі күшейтуді жоспарлап отыр. Тұрғындардың шағымдары назардан тыс қалмайды, заң талаптарын бұзған кәсіпорындар міндетті түрде жауапқа тартылады. Бұл қадамдар қаладағы экологиялық ахуалды жақсартып, тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған-дейді жауаптылар.

Экология Департамент басшылығының сөзінше, жауапты органның тарапынан 2025 жылдың 10 айында жалпы 29 тексеру жүргізіліп, тексерулердің қорытындысымен 50 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 37.6 млн теңгеден аса айыппұл салынған екен. Оның  32.6 млн теңге мемлекет бюджетіне өндірілген. Заңбұзушылықты жою туралы 29 нұсқама берілген. Соның ішінде, 12 тексеру индустриалдық аймақтағы орналасқан кәсіпорындарға тиесілі екен.

Нәтижесінде, Заңбұзушылықтарды жою бойынша 4 кәсіпорынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3 тармағымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен айыппұлдар салынып, әртүрлі мерзімдерге тоқтатылды. Экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегені анықталған 4 кәсіпорынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 4 тармағын бұзғаны үшін Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот шешімімен айыппұлдар салынып, әртүрлі мерзімдерге тоқтатылды.

Экологиялық нормаларды сақтау – тек департаменттің міндеті емес, әрбір кәсіпорын мен тұрғынның жауапкершілігі. Тиісті департамент бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, заң бұзушылықтарды барынша азайтуға күш жұмсап отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ КҮШІНЕ ЕНЕДІ.

Президент:

Пікір қалдырыңыз