aspan

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

🔷 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Берік Айдарұлы Әшірбеков тағайындалды.

🔷 Берік Айдарұлы 1986 жылғы 17 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туылған, қазақ, білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі — жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау және құқықтану.

🔷 Еңбек жолын 2005 жылы Созақ аудандық жер кадастр бюросының технигі болып бастаған. 2006-2023 жылдары Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

🔷 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы Тұран ауданының әкімі болып қызмет етті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

eGov.kz жүргізуші куәлігін алудың қандай жаңа талаптарын енгізді

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз