
Шымкент жастар театры көрермендеріне кезекті шығармашылық сыйын тарту етті. Көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековтің «Әпке» атты туындысы сахналанып, көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Театр залы көрерменге лық толы болды. Премьера кешіне жиналған театр сүйер қауым өмір мен мейірім, отбасы мен адамгершілік туралы терең мағыналы қойылымды тамашалады.
«Әпке» – бауырларына пана болып, өз арманын отбасының бақыты үшін құрбан еткен мейірімді арудың тағдыры жайлы өміршең драма. Қойылымда отбасы жылуы, бауырмалдық, адамгершілік пен мейірім сынды құндылықтар көрініс тапқан. Бұл жолғы премьераның басты ерекшелігі –Қамажай есімді арудың басты рөлін мәдениет саласының үздігі Мөлдір Айдарқызының өзі сомдауы болды.Оның шынайы, жүректен шыққан әртістік өнері көрерменге ерекше әсер қалдырып, спектакльдің эмоциялық қуатын еселей түсті.
Қойылымға дайындық шамамен екі айға созылған.Бұл уақыт ішінде театр ұжымы шығарманы терең сезініп, көрерменге әсерлі туынды ұсынуға бар күшін салған. Басты рөлдерді жас әрі талантты актерлер үлкен шеберлікпен орындады. Әрбір сахнадағы пластикалық шешім, жарық пен музыкалық сүйемелдеу өзара үйлесім тауып, спектакльдің көркемдік тұтастығын күшейтіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Қойылымды тамашалауға келген көрермендердің арасында жазушының немересі Гүлден Исабекова да болды. Ол атасының шығармасын қолдап, рухына тағзым ету мақсатында арнайы келіпті. Айтуынша, бұл
Әпкенің жүрек жылуы мен жан тазалығы көрерменнің көңілін толқытып, кей тұста көздеріне жас ұялатып, терең ойға жетеледі. Бұл қойылым – Шымкент жастар театрының шығармашылық ізденісі мен өнерге деген шынайы сүйіспеншілігінің көрінісі. Театр ұжымы алдағы уақытта да көрерменге мазмұнды, тәрбиелік мәні зор туындылар ұсынуды мақсат етіп отыр.
