aspan

КӘСІПКЕРЛІК МАҚСАТТАҒЫ  ГРАНТҚА ҮМІТКЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

 Шымкент қаласында кәсіпкерлік мақсаттағы грантқа үміткерлерді анықтау бойынша конкурс өз мәресіне жетті. Байқауға барлығы 398 өтінім түсіп, олардың ішінен 96 үміткер грант иегері атанды.

Комиссия мүшелері грант иегерлерін таңдау кезінде ауыл шаруашылығы, тігін ісі, жартылай өнімдер өндірісі сияқты негізгі салаларды назарға алды. Әрбір өтінім мұқият қаралып, бизнес жоспарының жүзеге асырылу мүмкіндігі бағаланды. Грант  көлемі 400 айлық есептік көрсеткіш яғни 1 572 800 теңгені құрайды. Бұл қаржы жаңа кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған. Әрбір грант – бұл жаңа кәсіпорын ашуға, жұмыс орындарын құруға және қала экономикасына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Байқаудағы үміткерлердің бірі – көп балалы ана,ғ Гүлмира Ниязбек. Ол пирожки мен самса пісіріп, дүкендерге өткізумен айналысады. Бір жылдан бері осы кәсібін дамытып келеді. Алдағы уақытта цех ашуға ниеті бар. Грант қаражаты оған үлкен пеш сатып алуға қажет болып отыр. Бұл өндіріс көлемін арттыруға және жаңа өнім түрлерін шығаруына мүмкіндік береді.

Шымкент қаласында кәсіпкерлік грант иегерлері өз идияларын жүзеге асыру арқылы қаланың экономикалық дамуына үлес қосады. Байқау жаңа бастамаларды қолдауға, жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Грант алған кәсіпкерлер өз кәсібін одан әрі кеәейтіп, қаладағы жұмыс орындарын көбейтуге мүмкіндік алады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МӘМС: Шымкентте 70-ке жуық мекеме стоматологиялық қызмет көрсетеді

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «RESPUBLICA ASYQ ATU» ТУРНИРІ ӨТТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ҚАЗАҚСТАНДА ПӘТЕР ЖАЛДАЙТЫНДАР САНЫ ӨСТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз