aspan

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРА СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Пара нысана көздеуден Әлем кубогында қазақстандық Еркін Ғаббасов R1 пневматикалық мылтықпен нысана көздеу дисциплинасында финалдық бәсекеде 250.6 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.  Екінші орынды Словакия спортшысы Радослав Малиновский 249.8 ұпайымен еншілесі, үшінші орынды  226.9  ұпаймен даниялық мерген Мартин Иоргенсен иеленді.

Бұл Еркін Ғаббасовтың пара оқ атудан Әлем кубогындағы  осымен екінші алтын медалі.  Бұған дейін 2024 жылы Оңтүстік Корея елінде өткен жарыста R1 дисциплинасында 250.3 ұпаймен жеңімпаз атанған болатын.

Сондай-ақ, жарыста Еркін Ғаббасов пен Ана Довгелевич R10 (мылтық) аралас жұптық дисциплинада,  Никита Ермаков пен Севда Алиева P6 (тапанша) аралас жұптық бәсекеде, R1 (мылтық) командалық  жарысында сынға түскен Еркін Ғаббасов, Арсен Мұратов пен Рамазан Мұқатаев қола медаль  алды.

Айта кетсек, пара нысана көздеуден Әлем кубогы Эль-Айн қаласында (БАӘ) 28 қазан мен 5 қараша аралығында өтіп жатыр. Жарыста 32 елден 202 спортшы өнер көрсетеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды

ҚАЛА ӘКІМІ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Оқытушылар мен ғалымдарға қосымша ақы төленбек

Пікір қалдырыңыз