aspan

ҚАЗАҚСТАНДА БІРҚАТАР ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАЛАРЫ ТӨМЕНДЕДІ

Қазақстанның фармацевтикалық нарығында мемлекеттік реттеу жүргізілетін бірқатар дәрілік заттар бағаларының төмендегені байқалады. Өзгерістер жаңартылған баға белгілеу механизмін жүзеге асыруға байланысты, ол препараттардың құнын қалыптастыру ашықтығын және болжамдылығын арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта дәрілік заттардың 4994 саудалық атауына шекті бағалар бекітілді. Рецептіден тыс босатылатын тағы 1707 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылды және өкілетті органның тарапынан тұрақты мониторинг жүргізіліп нарықтық бағалар бойынша өткізіледі.

2025 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті еліміздің 20 өңірінде дәрілік заттарға қойылған бағаларға мониторинг өткізді. Зерттеуге бес фармакологиялық топқа: вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жүрек-қантамырлық және асқазан-ішек жолының ауруларын емдеуге арналған препараттарға жататын ең көп сұранысқа ие болған 50 препарат қосылды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында жасалған талдау қорытындылары бойынша, маусым айымен салыстырғанда, позициялардың 34% (орта есеппен, 7,8%), ал қазанда позициялардың 50% бөлігінің (орта есеппен, 11,1%) бағалары төмендетілгені аталды.

Ең айқын төмендеу келесі препараттар бойынша тіркелді: Гепар комп. Хеель, Ревмоксикам®, Цефяпс, ВАЛМАК-Н, Зитмак®.

Атап көрсетілген дәрілік заттар тұтыну құрылымында елеулі орын алады және аурулардың кең ауқымын емдеу кезінде қолданылады.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тұрғылықты халықты әділетті бағалар бойынша қауіпсіз және сапалы дәрілермен қамтамасыз ету үшін нарық үрдістерін талдауды және дәрілік препараттардың бағаларына жүйелі мониторинг өткізуді жалғастырады.

Дәрілік заттарды өткізу кезінде заңбұзушылық жағдайлары туралы DariKZ және Naqty Onim мобильді қосымшалары арқылы немесе Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаменттеріне жүгіну арқылы хабарлауға болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «БІЗ ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ІСКЕ ПАЙДАЛЫ БОЛАТЫН ҰСЫНЫСЫН ЕСКЕРУІМІЗ КЕРЕК»

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті қолдау шаралары түсіндірілді

В КАЗАХСТАНЕ ПРОЙДЕТ XVI-ЧЕМПИОНАТ АЗИИ ПО СПОРТИВНОЙ СТРЕЛЬБЕ !

Пікір қалдырыңыз