aspan

АСФАЛЬТ ОПЫРЫЛЫП, ТӨРТ КӨЛІК ШҰҢҚЫРҒА ТҮСІП КЕТТІ

Оқиға Шымкенттің “Восток” шағын ауданында болған. Желіде тараған видеодан бірнеше көліктің терең шұңқырға түсіп кеткенін көруге болады.

Видео авторының сөзінше, жол жабыны жөндеу жұмыстарынан кейін опырылған. Қалалық әкімдік те бұл ақпаратты растады.

Мәліметке сәйкес, құбыр жүргізу жұмыстарын “Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС жүргізген. Олар жұмысты аяқтаған соң жерді көміп, жолды уақытша қалпына келтірген. Алайда топырақтың шөгуінен жол бөлігі опырылып, нәтижесінде көліктер шұңқырға түсіп кеткен. Бұл үшін мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Ал көлік иелеріне өтемақы төленеді екен.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН ИЕСІ ҰСТАЛДЫ

«АТА ЗАҢНЫҢ МӘТІНІ ЖӨНГЕ КЕП ҚАЛДЫ»: МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ ДАУ БОЛҒАН БАПТАР ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІ АНТОНИУ КОШТАМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Пікір қалдырыңыз