aspan

2025 жылғы қазанда айлық инфляция деңгейі 0,5%-ды құрады.

Азық-түлік тауарларының ішінде басты пияз 7,7%-ға, алма – 6,1%, қызылша – 5,1%, қырыққабат – 4,7%, сәбіз – 4,4%, қант – 2%, жүзім – 1,1%, лимон – 0,8% арзандады. Бағаның өсуі шоколадқа 2,3%-ға, кофеге, дайын дәмдеуіштер мен тұздықтарға – әрқайсысы 1,8%-дан, құрмаға – 1,6%-ға, жарма өнімдеріне – 0,7%-ға байқалды.

Азық-түлік емес тауарлар арасында биылғы қазан айында отандық құрастырылған жаңа автокөліктердің бағасы 1,5%-ға төмендеді. Қолшатыр 4,2%-ға, электр жылытқыш 2,5%-ға, цемент 0,4%-ға қымбаттады. Жуу және тазалау құралдардың, жеке қолданылатын тауарлардың баға деңгейі әрқайсысына 1% -дан, киім мен аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға 0,8%-дан өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифі 40%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 10,7%-ға, электр энергиясы тарифі 2%-ға төмендеді. Қоғамдық тамақтану қызметтері 2%-ға, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 1,5%-ға, тренажер залдары 0,8%-ға қымбаттады.

Жылдық мәнде инфляция 2025 жылғы қазанда 12,6% құрады.

Азық-түлік ішінде жылдық мәнде күріш 8,3%-ға, өрік 5%-ға, қызанақ 1,4%-ға арзандады. Кептірілген жемістер мен жаңғақтар 2,9%-ға қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде кір кептіргіш 31,7%-ға, мұздатқыш 16,6%-ға, үтіктеу тақтасы 13,6%-ға арзандады. Ас үй құралдары бағасының деңгейі 7%-ға, электрбұрғы 5,9%-ға, электр шамы 5,2%-ға өсті.

2024 жылдың қазан айымен салыстырғанда аяқ киім жөндеу қызметтерінің бағасы 8,9%-ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 7,8%-ға өсті. Бассейн қызметтері 10%-ға, тренажер залдары 8,8%-ға қымбаттады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

*2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БАЛАЛАРДЫ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАП КЕТУДЕН САҚТАҢЫЗ

В Шымкенте запустили завод по производству керамогранита стоимостью более 25 млрд тенге

Қайрат Сәтжанов: Құрлықтық додадан құр қол қайтпаймыз

Пікір қалдырыңыз