aspan

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары кезінде Абай ауданының «Достық» шағынауданында орналасқан бұрынғы қоқыс полигонының орнында салынып жатқан «Экопарк» құрылыс алаңында болды. Қала басшысы нысанның құрылыс барысын тексеріп, жобаның уақытылы әрі сапалы орындалуының маңыздылығына назар аударды. Айта кетейік, жаңа қоғамдық кеңістік демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылуда. Жалпы аумағы 45 гектарды құрайтын бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарының демалысы үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтылмақ. Әкім Жайлы ортаны дамыту басқармасына аумақты сапалы көгалдандыру бойынша нақты тапсырма берді.
Сонымен қатар, Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданындағы А. Асқаров көшесінде заңсыз тұрғызылған ғимараттың бұзу жұмыстарын тексерді. Қала әкімі жауапты тұлғаларға демонтажды толық аяқтап, аумақты талапқа сай қалпына келтіруді міндеттеді.
Бұдан әрі әкім «Сайрам» тұрғын алабында орналасқан тарихи сәулет ескерткіші – «Қызыр» мұнарасына барып, нысанның қазіргі жағдайымен және абаттандыру барысымен танысты. Ғабит Сыздықбеков тарихи мұраны сақтау маңыздылығын атап өтіп, қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы мен аудан әкімдігіне жүргізіліп жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Сондай-ақ, қала басшысы «Бадам» су қоймасы аумағында салынудағы экологиялық туристік кешен «OMIR SHYMKENT» нысанының құрылыс барысын қарап шықты. Кешен тұрақты туризмді дамытуға және табиғат аясында демалысқа арналған қолайлы инфрақұрылым құруға бағытталған. Жоба жетекшілері әкімге құрылыс кезеңдері мен орындалу жоспары туралы баяндады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

САРСАҢҒА САЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

МЕМЛЕКЕТ ТҰТАСТЫҒЫН САҚТАУДЫҢ БІРДЕН-БІР КЕПІЛІ – ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ

ҚАЛАДА КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Пікір қалдырыңыз