aspan

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ауқымды «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.
Іс-шараға барлық салалық ведомстволардың бірінші басшылары, адвокаттар, заңгерлер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Акция үлкен қоғамдық қызығушылық тудырды — шара барысында 1000-нан астам қала тұрғыны отбасылық, еңбек, жер, азаматтық және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша білікті заңгерлік кеңес алды.
Азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі және тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Қала прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде атап өтті:
«Ежелгі грек философы Платон айтқандай: «Күшті мемлекет – қорғалған азаматтан басталады!»
Сондықтан бүгін осында барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері әр азаматқа тегін әрі қолжетімді заң көмегін көрсету үшін бір алаңда жиналып отыр».
«Халық заңгері» акциясы өз жұмысын жалғастырып, әрбір азаматқа кәсіби көмек пен өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін ұсынатын болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі бес жыл бойы студенттердің стипендиясын заңсыз иемденген.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз