aspan

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС МАМАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» АРҚЫЛЫ БАСТАЛУДА

Шымкент қаласында жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бастамалар нәтижесін беруде. Қазіргі таңда қала бойынша 2 мыңнан астам жас түрлі бағдарламаларда алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап жүр. Солардың бірі Малика Мұсаходжаева биыл Шымкент политехникалық колледжін «тоқушы-оператор» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оқу орнын аяқтағаннан кейін ол http://xn--nbek-u4d.kz/ электронды еңбек биржасында жұмыссыз ретінде тіркеліп, көп ұзамай «Назар Текстиль» кілем фабрикасынан жұмыс ұсынысын алды. Қазір маман «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында осы кәсіпорында зат белгі операторы болып еңбек етуде.
– Фабрикада мен сияқты жастар көп екен, сондықтан күн сайынғы жұмысымыз көңілді өтеді. Бағдарлама арқылы тәжірибе жинап қана қоймай, еңбегіме жалақы да аламын. Практика мерзімі аяқталған соң осы жерде тұрақты жұмыста қалуды жоспарлап отырмын, – дейді Малика.
Айта кетейік, «Жастар практикасы» бағдарламасының басты мақсаты да осы – жас түлектерге алғашқы еңбек тәжірибесін жинап, тұрақты жұмыс табуына жағдай жасау.
Бүгінде Шымкент қаласында бұл бағыттағы жұмыс қарқынды жүруде. Мысалы, «Жастар практикасы» жобасымен 1 682 жас маман, ал «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы аясында 352 маман түрлі мемлекеттік және өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек етіп жүр. Жастарды еңбекке бейімдеп, кәсіби дамуына жол ашқан мұндай бастамалар еліміздің еңбек нарығында жаңа буын мамандардың қалыптасуына мықты серпін беріп отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МҮМКІНДІГІ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚЫТУ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Алматыда жазушы Еркінбай Әкімқұловтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Пікір қалдырыңыз