aspan

 ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ РЕСМИ ТҮРДЕ «КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

Биыл елімізде алғаш рет 29 қазан ресми түрде Кәсіпкерлер күні болып бекітілді. Бұл дата – ел экономикасының негізін құрап отырған кәсіпкерлерге деген құрметтің жаңа кезеңін білдіреді. Осыған орай, Түркістанда облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті

Түркістан қаласында алғаш рет ресми түрде Кәсіпкерлер күні жоғары деңгейде аталып өтті. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шарада бизнес өкілдері мен билік тарапынан қолдау көрсетушілер бас қосты. Мерекелік жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров, мәслихат төрағасы, кәсіпкерлер палатасының басшылығы және аудандық бөлімдердің өкілдері қатысты. Салтанатты шарада өңір басшысы кәсіпкерлердің еңбегі мен аймақ экономикасына қосқан үлесін атап өтіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

КСМ: Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ондаған кәсіп иесі марапат иегері атанды. Олардың қатарында ірі өндіріс орындарының жетекшілері, агроөнеркәсіп және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер бар. Сонымен қатар «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталып, өнімдері көрмеге қойылды. Шара аясында кәсіпкерлер өзара тәжірибе алмасты, жаңа бизнес жобалар мен инвестициялық бастамалар талқыланды.

Түркістандағы бүгінгі салтанат — бұл тек марапаттау ғана емес, өңірлік бизнес пен билік арасындағы нақты іске асатын серіктестіктің көрінісі — дейді ұйымдастырушылар. Айта кетсек, аймақта 210 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, олар — жұмыс орындарын ашатын және тұрақты өсімге әсер ететін күшті ресурс. Кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау, инвестициялық жобалардың іске қосылуы және өндіріс орнына бағытталған шешімдер — өңірдің экономикалық картасын өзгертетін факторлар. Жауаптылардың айтуынша, бизнес пен әкімдік арасындағы диалог жалғасын табады. Осыған байланысты инвестициялар тарту, әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіле береді.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨК ТУДЫ ӘУЕЛЕТКЕН АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ ЖӘНЕ «ҚАМҚОР» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ

Пікір қалдырыңыз