aspan

«ФАРАБИТАНУ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Бүгін ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани және ғылыми мұрасын кеңінен дәріптеуге арналған «Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шараға белгілі фарабитанушы ғалымдар, зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері мен жас оқырмандар қатысты. Ғалымдар ұлы ойшылдың еңбектерін жаңа қырынан таныстырып, оның идеялары қазіргі білім мен мәдениет саласындағы өзектілігін айқындады. Іс-шара аясында философия ғылымдарының докторы, профессордың жетекшілігімен дайындалған әл-Фараби мұрасына арналған жаңа көптомдық еңбектің таныстырылымы өтті. Бұл басылым – қазақ және әлем ғылымына қосылған зор жаңалық, әрі келешек ұрпақ үшін құнды рухани мұра болмақ.

Конференция барысында әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан өлшеусіз үлесі, оның философиялық, этикалық және ғылыми көзқарастарының заманауи маңызы талқыланды. Ғалымдар ұлы ойшылдың еңбектерін жаңа қырынан таныстырып, оның идеялары қазіргі білім мен мәдениет саласындағы өзектілігін айқындады. Кітапхана директорының айтуынша, мұндай мазмұнды іс-шаралар кітапхана қабырғасында үзілмейді. Ғылым мен руханияттың тоғысқан ордасы ретінде кітапхана алдағы уақытта да халқымыздың мәдени дамуына үлес қоса бермек.

Іс-шара аясында философия ғылымдарының докторы, профессордың жетекшілігімен дайындалған «Фарабитану» атты 20 томдық көптомдық еңбектің таныстырылымы өтті. Бұл ауқымды жобаға шамамен екі жылға жуық уақыт кеткен. Көптомдық еңбек – әл-Фарабидің мұрасын терең зерттеуге арналған іргелі ғылыми жұмыс болып табылады және фарабитану саласындағы маңызды жаңалық саналады.

Конференцияға қатысушылар кезекпен баяндама жасады. Олар өз сөздерінде әл-Фарабидің даналыққа, ізгілікке және білімге үндейтін идеяларының адамзат өркениетінің мәңгілік қазынасы екенін атап өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕНДІ МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ ЕСКЕРТУСІЗ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ПРЕЗИДЕНТ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМА ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Пікір қалдырыңыз