aspan

СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мен тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында спорттық инфрақұрылымды жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала аумағында 855 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 568 нысан – дене шынықтыру және спорт бағытындағы, 253 – білім беру ұйымдарындағы, 34 – спорт мектептеріндегі нысандар (оның 172-сі жекеменшік) болып табылады.
2025 жылы мегаполисте 5 жаңа спорт нысанының құрылысы басталды. Атап айтқанда, Қаратау ауданындағы 26,1 гектар аумақта жаңа футбол стадионының құрылысы қолға алынып, нысанды 2026–2027 жылдары пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар, Абай ауданындағы Қайнарбұлақ тұрғын алабында және №2 оқушылар сарайының аумағында модульді жылдам құрастырмалы спорт нысандары «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы салынып, 2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Ал Еңбекші ауданының Бадам және Қарабастау елді мекендерінде демеушілердің (ПКОП) қолдауымен екі жылдам құрастырмалы спорт нысанының құрылысы жүргізіліп, оларды 2025 жылдың қазан және қараша айларында тапсыру жоспарланған.
Алдағы кезеңде қалада тағы үш жаңа спорт нысанын салу жоспарлануда. Олардың қатарында «Паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт кешені» (құрылыс 2026–2027 жылдарға жоспарланған), Қаратау ауданындағы Тұран шағын ауданында 2,4 гектар жер телімінде бой көтеретін дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Базарқақпа тұрғын алабындағы стадион аумағында салынып жатқан қосымша спорт нысаны бар.
Қолданыстағы спорттық инфрақұрылым нысандарын сақтау және жаңарту мақсатында бірқатар ғимараттарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Мұз сарайы», Локомотив стадионы, Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі және Шаумяна көшесіндегі футбол алаңы ағымдағы жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, демеушілер есебінен Қажымұқан атындағы орталық стадионда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, «Орталық су спорт кешенінде» жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Хабарландыру! «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысуға шықарамыз

В Шымкенте запустили завод по производству керамогранита стоимостью более 25 млрд тенге

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «БІЗ ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ІСКЕ ПАЙДАЛЫ БОЛАТЫН ҰСЫНЫСЫН ЕСКЕРУІМІЗ КЕРЕК»

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз