aspan

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Қуаныш Ғалымжанұлы Ысқақов тағайындалды.
Қуаныш Ғалымжанұлы 1984 жылғы 31 наурызда туылған, қазақ, білімі жоғары. Қаржы және несие, құқықтану, педагогика және психология мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.
2006-2021 жылдары жеке секторда және мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарды.
2021-2024 жылдары Түркістан облысы Кентау қаласы әкімінің орынбасары, 2024-2025 жылдары Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
2025 жылдың 4- қыркүйегінен бүгінге дейін Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025

ЕСЕПСІЗ ЖҰМСАЛҒАН  ҚАРАЖАТТЫҢ  СҰРАУЫН КІМ БЕРЕДІ?!

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз