aspan

ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАСТАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шымкентте жастар арасында есірткі және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған бейнероликтер мен суреттер байқауы өз мәресіне жетті. «Жастар ресурстық орталығында» өткен шара барысында жеңімпаздар марапатталып, қатысушылардың шығармашылық жұмыстары көрермен назарына ұсынылды.
Іс-шараны Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Серғали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Бұл байқау жастардың салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдағы белсенділігін арттыруды, сондай-ақ зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауды мақсат етті.
Шара ұлттық аспаптармен орындалған күй мен дәстүрлі әндермен ашылып, мерекелік би мен музыкалық нөмірлермен жалғасты. Жүргізушілер жастарды өз уақытын тиімді өткізуге, шығармашылық пен пайдалы істерге бағытталуға шақырып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Құттықтау сөз сөйлеген Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ақбота Бихожақызы мен «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Жансерік Бауыржанұлы бұл байқаулардың жастарды ойлануға, ізденуге және өз ойын қоғамға дұрыс жеткізуге баулитынын атап өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘСКЕРДЕГІ САРБАЗДАР ӨЛІМІНЕН КЕЙІН БІРНЕШЕ КОМАНДИР ЛАУАЗЫМЫНАН АЙЫРЫЛДЫ ТАЛҒАТ БАЙСУФИНОВ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ФУТБОЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Aspan info

145 ҰЛАН ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН АДАЛ АТҚАРУҒА СЕРТ БЕРДІ  

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АУЫЛДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ТОҚТАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз