aspan

ШЫМКЕНТТЕ МАРДАН САПАРБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХХI ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

Шымкент қаласында грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, академик Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевты еске алуға арналған 31-ші мерейтойлық республикалық ашық турнир өтуде. 27–29 қазан аралығына жоспарланған бәсекеде Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Чехия мемлекеттерінен және еліміздің барлық өңірлерінен 300-ге жуық балуан бақ сынайды.
Бүгін ХХХI мерейтойлық халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Дәрменов спортшыларға сәттілік тілеп, аталған турнир жастарға мол тәжірибе екенін атап өтті.
Академик Мардан Баймырзаұлы еліміздің өркендеуіне, спорттың дамуына айрықша үлес қосқан тұлға. Қаншама спорт саңлақтары мен шәкірттер даярлап, өшпес із қалдырды. Еске алуға арналған турнирдің де жылдан жылға аясы кеңейіп келеді. Биылғы турнирге Чехиядан да спортшылар келген.
Іс-шарада Шымкент қаласы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Марат Сапарбаев биылғы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға, U 23 әлем чемпионатының жеңімпазы Шұғыла Өмірбекке, қола жүлдегер Омар Сатаевқа құрмет көрсетіп, қаржылай сыйақыларды табыс етті.
Айта кетсек, дәстүрлі жарыс ертең мәресіне жетеді. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медальдармен, дипломдармен және 300 000 / 200 000 / 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақылармен марапатталады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КРУПНЫЕ СТРОИТЕЛЬНЫЕ ОБЪЕКТЫ В ШЫМКЕНТЕ: РЕЗУЛЬТАТЫ РАЗВИТИЯ ДОРОЖНОЙ И ТРАНСПОРТНОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ В 2024–2025 ГОДАХ

17 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН ҚҰНДЫЗ ОНЫ ҚАМҚОРШЫСЫ БАЙЛАП ТАСТАҒАНЫН МӘЛІМДЕДІ

Aspan info

БИЫЛ ОБЛЫСҚА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 543,5 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖЕТТІ

Пікір қалдырыңыз