aspan

ФИНЛЯНДИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

 Ақорда резиденциясында Финляндия Президентін қарсы алу рәсімін өтті. Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары. Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездескен болатын.
Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.

Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде  екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру  өте маңызды екенін айтты. Қазақстан мен Финляндия арасында достыққа әрі өзара түсіністікке негізделген ықпалдастық орнаған. Екі елдің ортасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Дегенмен инвестиция және сауда салаларында бірқатар мүмкіндік бар. Өтіп жатқан бизнес-форумның орны ерекше. Бұл кәсіпкерлеріміздің іскерлік байланыстарды өрістетуіне зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұдан бөлек, гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша мән береміз деді мемлекет басшысы.Сондай-ақ сөз алған Александр Стуббта өз сөзінде Қазақстанға үшінші мәрте келуі екенін айтты. Алғаш рет 2008 жылы мен Сыртқы істер министрі, ал сіз Сенат спикері лауазымын атқарған кезде жүздескен. Бұл жолы екі бағытқа баса назар аударамыз деп ойлаймын. Бірінші – өзара қарым-қатынас және іскерлік байланыстар. Бүгін Финляндиядан үлкен делегация келді. Оның құрамында 20-дан астам ірі компанияның өкілдері бар. Бұл бізді қуантады. Келіссөздің екінші бағыты – сыртқы саясат және қауіпсіздік. Біршама мәселе бойынша ұстанымдарымыз ортақ, күрделі халықаралық жағдайлардың шешімін табуға бірлесе ұмтыламыз.дейді ол

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ – ХАЛЫҚ СЕНІМІН АҚТАУДА

ЖЕРЛЕСІМІЗ ПОРТУГАЛИЯДАҒЫ ЖАРЫСТА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Абай университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды

Пікір қалдырыңыз