aspan

Президент Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
🟦1) «Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталар атласы» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:
«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Мәліс Құдысұлы Әбсәметовке;
«АлматыГидроГеология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Рахматулла Аязбаевқа;
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ержан Итеменұлы Көлдеевке;
«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Ермек Жәмшитұлы Мұртазинге;
«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірлік гидрогеология және геоэкология зертханасының бас ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Владимир Александрович Смолярға;
🟦2) «Кондициялық емес түcтi металлургияның шикiзатынан жоғары сапалы селен алудың экологиялық қауiпсiз вакуум-термиялық технологиясын дайындау және оның өнеркәсiптiк өндiрiсiн ұйымдастыру» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:
«Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамының бас директоры – басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор Бақдәулет Кенжәлiұлы Кенжәлиевке;
«Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамының вакуумдық процестер зертханасының бас ғылыми қызметкері, техника және физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Валерий Николаевич Володинге;

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МҮМКІНДІГІ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

Кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу туралы заңның талаптары түсіндірілді

МӘЖІЛІСМЕНДЕР ҚҰНЫ 650 МЛН ДОЛЛАРЛЫҚ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз