aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ӨНЕРКӘСІПТІК ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙЛІ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіп секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және жаңа өндіріс орындарын құру, сондай-ақ салаға белсенді түрде инвестициялар тарту жөнінде бірқатар шара қабылдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемінің өсуі
Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында өңдеуші сектордың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 34,3%-ға өсті. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға, жаңа өндіріс орындарын құруға, еңбек өнімділігін арттыруға және қазақстандық өнімнің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге тікелей әсер ететін өнеркәсіптік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге басты назар аударылады.
Басым салаларда 190 жобаны іске қосу
Еліміздегі индустриялық дамуды жеделдету мақсатында жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл жобалар металлургия, машина жасау, мұнай-газ химиясы және тамақ өнеркәсібі салаларында 22,6 мың жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.
Негізгі жобалардың арасында мынадай жобалар бар:
«Казполиграф» ЖШС – Қостанай облысында терең локализацияланған автокөліктің жетекші көпір арқалыған өндіру жобасы, инвестиция сомасы – 78,2 млрд теңге, 100 жұмыс орны құрылмақ. Жылына 46 мың қалып құю өнімін шығару жоспарлануда.
Терең қайта өңдеу жобаларына баса назар аудару
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары қайта өңдеу деңгейі бар өндірістерді игеруге ерекше назар аудара отырып, отандық шикізат пен құрамдас бөлшектерді барынша пайдалану, сондай-ақ ірі кәсіпорындар айналасында аралас өндірістерді дамыту көзделген.
Ыстық брикеттелген темір өндірісі мысалындағы жаңа буын металлургиясы
Бұдан бөлек, маңызды бағыттардың бірі – экологиялық таза металлургияны дамыту.
Атап айтқанда, Қостанай облысында осы бағытта ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы Primetals Technologies Austria GmbH (Австрия) және Midrex Technologies Inc. (АҚШ) консорциумымен стратегиялық келісімшарт жасасып, Рудныйда ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт құрылысының келесі кезеңіне кірісті.
Мұнай-газ химиясы – индустриялық өсімнің жаңа драйвері
Сондай-ақ өнеркәсіптің ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі – мұнай-газ химиясы. 2024 жылы мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 540 мың тоннаға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 150,5%-ға артты.
Ғылым мен өндіріс синергиясы
Осы ретте ірі отандық компаниялар технологиялық дамуды тереңдетіп, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті шешімдер жасау мақсатында ғылыми ұйымдармен белсенді түрде ынтымақтасып келеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Гори всё синим пламенем: чья халатность погубила 14 жизней

Ринат Зайытов: «800 мың теңге жалақым жетпейді»

Полиция жалған нотариустың алаяқтық әрекетін әшкереледі

Пікір қалдырыңыз