aspan

ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІ АЗАМАТТАРДЫ ТЕЛЕФОН ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

Алаяқтар Агенттік атынан хабарласып, өздерін «заңгер» немесе «тексеруші маман» ретінде таныстырады, «сіздің ұйымға қатысты тексеру басталды» деген мазмұндағы жалған хабарламалар таратып жүр.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Агенттік мұндай хаттар жібермейді және телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Біз шот нөмірлерін, SMS-кодтар мен құжаттарға қатысты құпия ақпаратты талап етпейміз.

Алаяқтық қалай жүзеге асады:

Алаяқтар ҚМА мен ҰҚК атынан жалған хаттар таратып, «қызметкерге мінездеме» немесе басқа ақпарат беруді сұрайды.
Сонымен қатар, WhatsApp арқылы сол ұйымның басшысы мен есепшісінің атынан жазып, олардың нақты фотосуреттері мен есімдерін пайдаланады. Бұл сенім тудырып, адастыруға себеп болады. Хабарламалар кейде мемлекеттік тілде жазылады.
Кейін «заңгер» ретінде біреу хабарласып, «құпия ақпарат» екенін айтып, бұл туралы туыстарыңызға, балаларыңызға, тіпті құқық қорғау органдарына айтуға тыйым салады.
Қысым көрсету тәсілі қолданылады: бір мезетте қоңыраулар мен хабарламалар келіп, жеделдік пен қауіп сезімін тудырады, адам ойланып үлгермей әрекет етуге мәжбүр болады.
Жәбірленушіге банкке дереу бару және көрсетілген нұсқауларды орындау қажет делінеді. Салдарынан азаматтар өз жинақтарын шешіп, алаяқтарға жіберіп қояды.
Мұндай қоңыраулар көбіне психологиялық қысымға оңай түсіп, алдануға бейім келетін зейнет жасындағы адамдарға бағытталатынын ескеру қажет.

Егер сіз алаяқтардың нысанасына айналсаңыз:

Сабыр сақтап, әңгімені бірден үзіңіз.
Сілтемелерге өтпеңіз, тіркемелерді ашпаңыз.
Ешкімге ақша аудармаңыз.
Жұмыс орныңыздағы бухгалтерия немесе заң бөлімімен байланысып, расында осындай хат келген-келмегенін нақтылаңыз.
Алаяқтар сіздің ақпаратты тексермейтініңізге сенеді.

Әріптестеріңіз бен басшылықты қызметкерлер туралы деректердің таралу қаупі жөнінде ескертіңіз.
Хабарласқан нөмірді сақтап, ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Бұл ақпаратты туыстарыңызға, достарыңызға және әріптестеріңізге жеткізіңіз. Тек бірігіп әрекет еткенде ғана алаяқтарға тосқауыл қойып, әр азаматтың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНЫҢ БАҒАСЫ 1 АҚПАННАН БАСТАП ӨЗГЕРТІЛЕДІ

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСЫП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Алматыда жер сілкінісі: Қытайда кезекті дүмпу болды

Пікір қалдырыңыз