aspan

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНЕ-10 ЖЫЛ

Шымкент қаласында Іскер әйелдер кеңесінің 10 жылдығына арналған Әйел кәсіпкерлердің үшінші өңірлік бизнес-форумы өтті. Форумға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қала әкімдігі мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкер әйелдер қатысты. Барлығы 500-ден астам адам қатысқан жиында өңір экономикасына үлес қосқан белсенді әйелдер марапатталып, іскерлік дағдыларды дамытуға арналған бағдарламалар ұсынылды. Сондай-ақ, Іскер әйелдер кеңесінің алдағы жоспарлары талқыланды.

Айта кетейік, шара барысында Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова әйелдердің кәсіпкерлік саладағы белсенділігіне тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде қалада 147 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінің үлесі 50 пайыздан асады. Нәзік жандылар тек сауда мен жеңіл өнеркәсіп саласында ғана емес, креативті индустрия мен өндіріс саласында да табысты еңбек етіп келеді.

 

 Форумда «Tartu» брендінің негізін қалаушы Алуа Заманова да өз жетістіктерімен бөлісті. Оның айтуынша, бұл — отбасылық кәсіп, алғашқы дүкені екі жыл бұрын ашылған. Қазір «Tartu» бренді ұлттық нақыш пен заманауи сәнді үйлестіріп, ерекше стиль қалыптастырып отыр. Кәсіп иелері ұсынған тақиялар, футболкалар мен шапандар бүгінгі таңда тұтынушылар арасында ерекше сұранысқа ие.

Сонымен қатар, жергілікті шеберлердің туындыларынан дефиле ұйымдастырылып, арнайы шақырылған хедлайнерлер көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Шымкент встречает зиму во всеоружии: тепло, уголь и контроль под рукой

Пікір қалдырыңыз