aspan

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН ЖЕР ТЕЛІМІНЕ СОҒЫЛҒАН БЕС ҚАБАТТЫ НЫСАН ТОЛЫҒЫМЕН БҰЗЫЛДЫ

🔷 Шымкентте заңсыз берілген 1 гектарға жуық жер учаскесінде салынған құрылыс нысаны толығымен бұзылды. Бұған дейін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан «REAL PACK» ЖШС-не тиесілі құрылыс нысанына тексеру жүргізілген еді. Нәтижесінде, “Қиял әлемі” саябағына іргелес жатқан әжетхана құрылысына берілген жалпы көлемі 0,9326 га жер учаскесі ҚР Жер кодексінің талаптарына қайшы берілгені және рұқсатсыз құрылыс жүргізілгендігі анықталып, сотқа талап-арыз жолданды.

🔷 Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «REAL PACK» ЖШС-не тиесілі Әл-Фараби ауданы, Бейбітшілік көшесі 3А мекенжайында орналасқан 5 қабатты құрылыс нысанын бұзу туралы талап-арыз қанағаттандырылып, бұзу туралы шешім қабылданған. Меншік иесіне айыппұл салынған.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 200 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Пікір қалдырыңыз