Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Жастар ресурстық орталығының ұйымастыруымен Республика күніне орай қалалық жастар арасында волейбол турнирі ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту болды.Турнирге қала жастары мен студенттік командалар қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Турнирге Шымкент қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен құралған 8 команда қатысты. Қатысушылар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігері мен ұйымшылдығын байқатты.Әр команда өздерінің спорттық шеберлігін, төзімділігін және ойынға деген жоғары дайындықтарын танытты. Жарыс барысында спортшылар тек физикалық қабілеттерін ғана емес, бірлік пен өзара қолдау рухын да көрсетті. Қазіргі уақытта командалар қызу дайындалып ойын тартысты әрі қызықты өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың денсаулығын нығайтуға, жаңа достық қарым-қатынастар орнатуға және бос уақытын тиімді өткізуге сеп болады. Республика күні мерекесіне орай өткізілген бұл волейбол турнирі тек спорттық дода ғана емес, жастардың бірлігін, ынтымағын және елге деген сүйіспеншілігін арттырған ерекше шара болды. Ойын барысында қатысушылар өзара қолдаудың, адал бәсекенің және командалық рухтың нағыз үлгісін көрсетті. Турнир достық пен патриотизмнің, ерік-жігер мен рухтың мерекесіне айналды.
Турнир қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен командалар мен белсенді қатысушылар арнайы дипломдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Шара жастарды бірлікке, спортқа және ел рухын асқақтатуға үндеген маңызды мерекелік бастама болды.