aspan

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ АРТҚАН

Шымкент қаласында сот қызметкері есірткімен ұсталды. Полиция өкілдері оны көшеде тоқтатып, тінту кезінде синтетикалық есірткі затын тапқан. Алдын ала болжам бойынша, азаматша есірткіні жасыруға бара жатқан. Бұл деректі қалалық Полиция департаменті растады. Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жасырын чаттар, миллиондаған теңге және 30 келі синтетика. Шымкентте есірткімен күрес қыза түсті. Биылғы 9 айдың ішінде 443 есірткі қылмысы тіркелген. Бұл – былтырмен салыстырғанда 3 пайызға артық. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 100-ден астам дерек есірткіні заңсыз сатуға қатысты болса, 200-ден астамы — есірткі заттарын заңсыз сақтау мен тасымалдауға байланысты болған.

Заңсыз айналымнан 350 келіден астам есірткі заты тәркіленген. Оның 30 келісі — синтетикалық есірткі. Негізінен мефедрон, альфа-ПВП сияқты күшті әсер ететін синтетикалық заттар. Көп жағдайда есірткі саудасы мессенджерлер арқылы жүзеге асады. Полиция бірқатар Telegram-арналарды анықтап, жауып тастаған. Жасырын банк шоттары арқылы айналымда жүрген 47 миллион теңгеден астам қаражат бұғатталған.

Құзырлы органдардың айтуынша, есірткі таратуға қарсы күрес мақсатында, техникалық база жаңартылып, жаңа ақпараттық жүйелер енгізілген. Ішкі істер министрлігі таратып отырған ақпаратқа сай, есірткі сатумен айналысқан бірнеше топ пен жеке тұлғалар анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Туристская отрасль в Казахстане: динамика, инвестиции и Neo Nomad Visa

Құрметті БАҚ өкілдері!

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз