Баланың бойына біліммен бірге денсаулық та дарысын десек, мектептегі ас мәзірінің маңызы зор. Осы орайда, оқушылардың дұрыс тамақтануына алаңдаған шенеуніктер мектеп асханаларындағы жағдайды өз көздерімен көруге кірісті. Арнайы құрылған сараптама тобы мен бақылау комиссиясы 13-інен 24-іне дейін қаладағы барлық білім ордаларын аралап шығады.
Бақылау жұмыстарының алғашқы күні №147 жалпы орта білім беретін мектептен басталды. Мұнда оқушыларға күніне екі мезгіл ыстық ас беріледі. Әлеуметтік аз қамтылған және ерекше санаттағы отбасылардың балалары тегін тамақтанады. Одан бөлек, оқу жылы басында бір реттік мемлекеттен 46500 теңге арнайы көмек қажет ететін балаларға берілген.
Бүгінде мектепте алақан жүйесі еңгізілген. Бұл – әр оқушының жеке шоты арқылы тамаққа төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа әдіс. Дегенмен, алғашқы уақытта техникалық жүйе бүгінде өз жұмысын жалғастырып отыр. Сарапшылар аз мәзірімен танысып, тағам сапасына, сақтау мерзіміне және асхананың тазалығына назар аударды. Мәзірден ешбір кемшілік табылған жоқ, дегенмен мамандар асхана қызметкерлеріне балалардың тағамының құнарлылығы мен сапасын үнемі бақылауда ұстауды ескертті.
Арнайы құрылған топтың өкілдері кемшіліктер табылған жағдайда шара қолданбай, тек оны түзету үшін ұсыныс береді. Ал, ас мәзірі мен тазалыққа жалға алушы мекеме жауапты. Егер, олқылықтар қайталанса, құзырлы органдар алдында жауап береді. Бүгінгі бақылау – формальді тексеріс емес, балалардың денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды қадам. Себебі, мектептегі ас – баланың тек қарнын емес болашағын да азықтандырады. Ас мәзірі талапқа сай болса, білім сапасы да, бала денсаулығы да нығаяды.