aspan

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Шымкент қаласында Мемлекет  Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының  Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша Абай аудандық ардагерлер кеңесінде арнайы жиын өтті. Басқосуға өңірдің ардагерлері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты. Кездесу барысында қатысушылар ел Президентінің жасанды интеллект және ізгілікті тәрбиеге бағытталған жаңа бастамаларына кеңінен тоқталды

Жиын барысында Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – жасанды интеллект тақырыбына да тоқталды. Ол бұл үрдісті заман талабы екенін айтып, жаңа технологияларды игеру — тек жастар үшін емес, үлкен буын өкілдері үшін де қажетті қадам екенін атап өтті.

Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – ел азаматтарына Жолдаудағы маңызды бағыттарды түсіндіру және қоғам белсенділігін арттыру болып табылады.

 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының кеңесшісі Гүлжан Дәулетбекқызы Өзінің баяндамасында Жасанды интелектті білім саласында қолданылуы жайлы және де қазіргі таңда робототехникаға қызығушы жастардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді. Сондай ол Болашақ мектеп жобасы аясында елімізде 150 оқу ордасы салынғанын айтады.

Мемлекет басшысының Жолдауы – жаңа кезеңнің, тың серпіннің бастауы. Онда елдің әлеуметтік тұрақтылығын нығайтып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, ауыл мен қала арасындағы теңгерімді дамыту, білім мен денсаулық саласын жетілдіру сынды маңызды міндеттер айқындалған.Шара жауаптыларының айтуынша осындай жүздесулер алдағы уақытта барлық аудан мен білім ордаларында жалғасын тауып, халық арасында Жолдаудағы мақсаттардың кеңінен жүзеге асуына ықпал етпек.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

AIU-да «Иран өркениеті, мәдениеті мен өнері» атты көрме, концерт өтті.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ТӘРБИЕ – ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТІРЕГІ

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз