aspan

ТӘРБИЕ – ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТІРЕГІ

 

Білім беру – екі қанатты процесс. Бір қанаты – білім болса, екінші қанаты – тәрбие. Бұл екеуі бірінсіз бірі алға баса алмайды. Сондықтан мектептегі тәрбие жұмысы – оқушының мінезін, құндылықтарын, қоғамға деген көзқарасын қалыптастыратын аса маңызды сала.Біз баланы тек жақсы оқушы емес, ең алдымен – жақсы адам етіп тәрбиелеуге ұмтыламыз. Адалдықты, еңбекқорлықты, отансүйгіштікті, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруді үйрету – тәрбие ісінің басты мақсаты.Әр бала – ата-ана мен мұғалімнің айнасы. Сондықтан тәрбие жұмысы – тек мектептің емес, барша қоғамның ісі. Отбасындағы жылулық, мектептегі бағыт-бағдар, қоршаған ортаның әсері – бәрі бірігіп баланың ішкі дүниесін қалыптастырады.Қазіргі заманның баласы ерекше – олар еркін, батыл, ақпаратқа бай. Бірақ сол ақпараттың ішінде адасып кетпеуі үшін рухани бағыт, адамгершілік ұстаным, ұлттық тәрбие ауадай қажет. Біз сол бағытты беруге міндеттіміз.

Ұлы Абай айтқандай:

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан».
Ұстаз ғана емес, ата-ана да, орта да – бәрі тәрбиеге үлес қосуы тиіс.Болашақтың иесі – бүгінгі оқушы. Ал сол болашақ жарқын болуы үшін біз оларды тәрбиемен байытып, құндылықпен сусындатуымыз керек. Тәрбие – ұлт болашағына салынған рухани инвестиция.

№55 Жеңістің 50 жылдығы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
директорының тәрбие жөніндегі орынбасары: Асықбаев Бағлан Жеңісбекұлы

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шесть лет прогресса: Казахстан на пути устойчивого развития

ШЫМКЕНТ ДЕНДРОСАЯБАҒЫ ЖАҢА ӨСІМДІКТЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Шымкентте Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы сайланды

Пікір қалдырыңыз