aspan

БІЛІМ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ЕҢ БЕРІК КӨПІР

Бүгінгі таңда білім – жай ғана ақпарат жинау емес, ол – тұлға қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, өмірлік дағдыларды меңгеру жолы. Мектеп – тек пән үйрететін орын емес, ол – балаға бағыт беретін, өмірге жол сілтейтін қасиетті мекен.

Біз ұстаздар қауымы, әр баланың бойындағы талантты ашу үшін еңбек етеміз. Себебі әр оқушы – қайталанбас әлем, болашақтың сәулесін алып келе жатқан жарық жұлдыз. Сол жұлдыздар жарқырау үшін оларға сапалы білім мен рухани тәрбие қажет.

Ата-ана, мұғалім және оқушы – осы үштік бірлесіп жұмыс істегенде ғана табысқа жетеміз. Сондықтан әрбір ата-ананы баласының білім жолындағы серігі болуға, әріптестерімді шәкіртке сенім артуға, ал оқушыларымды армандарынан бас тартпай, білімге ұмтылуға шақырамын.

Қай кезде де еліне пайдасы тиетін азамат – ең алдымен білімді азамат. Ендеше, болашақты бірге жасайық!

📍Білім – елдің ертеңі. Мектеп – сол ертеңге бастайтын алғашқы қадам.

№55 Жеңістің 50 жылдығы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры: Умиралиев Казыбек Абуталипович

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛ

«Сізді тұңғиыққа ұшып бара жатқандай сезінесіз». Алматыдағы люктермен не болып жатыр

ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз