aspan

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА ТҰР

 Түркістан облысында жылумен қамтамасыз ету бойынша 7 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Олардың құрамында 1 жылу энергетика кешені, 36 орталықтандырылған қазандық және 2083 автономды қазандық бар. Жылу нысандарында жылыту маусымына дайындық жұмыстары толық жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде мәлімделді.

 Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жауапты сала басшылары мен қала, аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Әрбір әлеуметтік нысан мен тұрғын үйдің жылумен қамтылуын, отын қорының жеткілікті болуын, жылыту жүйелерінің ақаусыз жұмысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Белгіленген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындалуы, атқарылған жұмыстардың нәтижесі тікелей бақылауда болатынын ескертті.

Аппарат отырысында орталықтандырылған жылу беруші мекемелердің 2025-2026 жылу беру маусымына дайындық барысында атқарылған жұмыстары туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев баяндады. Оның мәлімдеуінше, облыс бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары өңірлік штабтың тұрақты бақылауында.

Жалпы облыстағы бюджеттік мекемелердің дизель отынына қажеттілігі 3,146 млн. литрді құрайды. Бүгінде оның 3,103 млн. литрі тасымалданған. Көмір отынының қажеттілігі 594,3 мың тонна болса, бүгінде оның 325,6 мың тоннасы жеткізілген. Атап айтқанда, бюджеттік мекемелер – 100%, жеке тұрғындар – 77%, жылыжайлар 22%-ға қамтылған. Теміржол тұйықтарында 90,6 мың тонна көмір қоры жинақталған. Биыл 46 газбен жабдықтау нысанының құрылысы аяқталады. Сондықтан, Мақтарал, Жетісай, Келес, Кентау, Сарыағаш, Ордабасы және Бәйдібек  аудандарында 74 мың тоннаға жуық көмір отыны қысқартылуы көзделуде. Айта кетейік, бүгінде жылыту маусымы Түлкібас ауданында басталды. Қалған аудан, қалаларда жылыту маусымы 15 қазан мен 1 қараша аралығында басталады деп жоспарлануда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА ПӘТЕР ЖАЛДАЙТЫНДАР САНЫ ӨСТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫНЫ ЖЫМҚЫРҒАНДАР ЖАЗАДАН  ҚҰТЫЛЫП, ЖАЗЫҚСЫЗ МАМАНДАР ЗАРДАП ШЕГУГЕ МӘЖБҮР

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз