aspan

ЖАРТЫ ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНІП, ҮШ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам есірткі тәркіленіп, үш қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткі қылмыстарына қарсы күрес – полиция жұмысының басты бағыттарының бірі. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидаты және профилактика жылы аясында жүргізілуде. Сонымен қатар екі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, есірткіні өткізу және таратуға қатысы бар 3 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

Полиция қызметкерлері қазіргі заманғы цифрлық технологияларды белсенді қолдануда. Ұлттық банк және Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлескен жұмыс нәтижесінде биыл заңсыз есірткі айналымына қатысы бар 1,5 мың отандық және 5 мыңнан астам шетелдік банк картасы, сондай-ақ 312 криптоәмиян анықталып, бұғатталды. 68 миллион теңге сомасындағы күдікті банк операцияларының қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ есірткі таратуға пайдаланылған 2200 интернет-ресурс бұғатталды, олардың 27-сі – тelegram-арна. Білім беру ұйымдары, жастар бірлестіктері және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 700-ден астам кездесу, науқан және түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Қала көшелерінде есірткі жарнамасы бар граффитилер күн сайын боялып, әлеуметтік бейнероликтер көрсетілуде, жедел желі мен анонимді чаттар тұрақты түрде жұмыс істейді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

«№55 Жеңістің елу жылдығы»жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде патриоттық рухты нығайтуға арналған далалық оқу жиыны өтті.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Пікір қалдырыңыз