aspan

ҚАЗАҚСТАНДА ПӘТЕР ЖАЛДАЙТЫНДАР САНЫ ӨСТІ

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады Aspan.info сайты.

2025 жылғы қаңтар-маусым айларында жылжымайтын мүлік операциялары саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі 1,4 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,2% артты.

Қызмет құрылымында ең үлкен үлес тұрғын үйді жалға беру (субаренда) және басқару қызметтеріне тиесілі – 681,5 млрд теңге. Айтарлықтай көлем бизнес-орталықтарды, кеңсе ғимараттарын және әкімшілік нысандарды жалға беру мен басқару қызметтерінде де тіркелді – 180,9 млрд теңге.

Сауда саласындағы көпфункциялы кешендер мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару 136,7 млрд теңгені құрады. Басқа санаттарға кірмейтін жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару көлемі – 106,2 млрд теңге.

Көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді сатып алу-сату операциялары 75 млрд теңгеге жетті. Басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату көлемі 4 млрд теңге болды. Ең төмен көрсеткіш көрме және конференция залдарын жалға беру мен басқару сегментінде тіркелді – 554,8 млн теңге.

Өңірлік тұрғыда көрсетілген қызмет көлемі бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – 608,8 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда Астана – 257,1 млрд теңге және Шығыс Қазақстан облысы – 97,4 млрд теңге.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында 1 сәуір мен 18 сәуір аралығында PISA-2025 халықаралық зерттеуі жүргізілуде.

Құрметті БАҚ өкілдері!

Пікір қалдырыңыз