Түркістан облысында жалпы аумағы 2397,3 гектарды құрайтын 20 индустриалды аймақ құрылған. Қазіргі уақытта жалпы құны 39,5 млрд. теңгеге 50 инвестициялық жоба іске қосылып, нәтижесінде 2 609 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ алдағы уақытта жалпы құны 112,4 млрд. теңгеге 48 инвестициялық жобаны іске асырып, 3 812 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Аталған инвестициялық жобалар құрылыс материалдарды және дайын металл өнімдерін өндіру, металлургия, машина жасау, пластмассадан жасалған өнімдерді өндіру, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі салаларында жүзеге асырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде мәлімделді.






Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі