Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, ғарыштық мониторинг нәтижесінде анықталған қоқыс нүктелерін тазалау мақсатында Шымкент қаласының экология департаменті ұйымдастырған сенбілік өтті. Іс-шара барысында Тұран ауданына қарасты Бадам өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды.
Тұран ауданы аумағында экологиялық сенбілік іс-шара барысында ғарыштық бақылау арқылы анықталған қоқыс орындарын тазалау жұмыстары жүргізілді.Бадам өзені жағалауы мен Қаратау және Әл-Фараби аудандарына қарасты 46 нүктеде тазалау жұмыстары атқарылды. Сенбілікке мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының өкілдері, еріктілер мен қоғамдық ұйымдар белсенді түрде қатысты.Тазалық шаралары нәтижесінде жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға жеткізіліп, өңдеуге тапсырылды.
Бұл шара экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты аялауға бағытталған маңызды бастама. Қоршаған ортаны қорғау әрбір азаматтың ортақ міндеті. Таза қала — өзімізден басталады!