Қазақстанда алғаш рет, тұтас ағаштан жасалатын қолөнерге арналған халықаралық фестиваль өтті. «Shymkent Usta Fest» – бұл шеберлік пен дәстүрдің тоғысқан мерекесі. Қолдың шеберлігі көрінетін алаң Шымкентте ашылды. Сюжет көрейік. НАЗГҮЛ БАТЫРХАН
Шеберлікке орын бар жерде – өнер өлмейді. «Shymkent Usta Fest» — ағашпен тілдескен ұсталардың мейрамы. Алғаш оңтүстік өңірде ашылған халықаралық фестиваль аясында түрлі, елдерден келген ұсталар өз туындыларын ұсынып, тәжірибе алмасты.
Бұл – аға. Ол ағашпен сөйлесе білетін шебер. Жиырма жылдан астам уақыттан бері ұлттық бұйымдар жасап келеді. Әр туындысында тарих пен рухтың ізі бар. Домбыра, қылқобыз, қобыз – бәрі де табиғи ағаштан, қолдан ойылып жасалады. Шебер үшін бұл кәсіп – тек табыс көзі емес ұрпаққа аманат болатын өнер…
«Shymkent Usta Fest» — елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған, рух пен дәстүрдің тоғысқан ерекше фестиваль. Ұсталық – бұл жай кәсіп емес. Қасиетті өнер. Ал, тұтас ағаштан бұйым жасау – нағыз шебердің шыңы.
Біз – түбі бір түркі жұрты ағаштан ою ойып, өрнек қашап, ұрпаққа ұлағат қалдырған халықпыз. Шебердің қолы халықтың жаны. Ал – ағаштан жасалған әрбір бұйым – үнсіз тарих сөйлемейтін шежіре. Фестиваль – сол үнсіз тарихты сөйлетіп, бүгінгі ұрпаққа жеткізетін алтын көпір.