aspan

УНИВЕРСИТЕТТЕГІ АҚША ЖЫМҚЫРУ СХЕМАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.
Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар.Тергеу нәтижесінде университет қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 млн теңгені құрайтын жалған келісімшарттар жасағаны анықталды.Аталған жұмыстар іс жүзінде орындалмаған. Бюджет қаржысы жалған актілер негізінде байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алған. Оларға сот санкциясымен тыйым салынды.4 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.Қылмыстық іс сотқа жолданды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШАҺАРДЫ КӨРКЕЙТУ: ЖАҢА ГҮЛЗАРЛАР МЕН СКВЕРЛЕР ПАЙДА БОЛАДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

БАСҚАРМА БАСШЫСЫН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТІРУ КІМДЕРГЕ КЕРЕК БОЛДЫ?

Хабарландыру

Пікір қалдырыңыз