aspan

“Біз – Мәңгілік ел ұландарымыз” атты әскери-патриоттық сайыс өтті

2025 жылдың 15-сәуірі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, ержүрек мерген Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасында аудандық орта мектеп оқушыларының арасында “Біз – Мәңгілік ел ұландарымыз” атты әскери-патриоттық жарыс ұйымдастырылды.

Ауқымды іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді нығайту, ерлік пен батырлықты дәріптеу, тарихи сананы қалыптастыру. Сонымен қатар, еліміздің қауіпсіздігі мен егемендігін сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сайысқа аудан көлеміндегі 12 орта мектептен жасақталған Жас шекарашы ұйымдарының 192 оқушысы қатысты. Әр команда өздерінің әскери тәртіпке бейімділігін, саптық дайындығын, физикалық шеберлігін, тарихи білімін және топпен жұмыс жасау қабілетін көрсетіп, өзара сынға түсті.

Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрды:
• Саптық дайындық және салтанатты марш
• Тарихи сұрақ-жауап (Ұлы Отан соғысы және Әлия Молдағұлова туралы)
• Әскери-спорттық эстафеталар
• Шығармашылық байқау (патриоттық ән, көрініс, плакаттар)

Қазылар алқасы қатысушылардың тәртіптілігіне, дайындығына және патриоттық рухты жеткізе білу қабілетіне ерекше мән берді.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар марапатталып, қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Бұл іс-шара – тек жарыс қана емес, болашақ ұрпаққа өнеге болатын, өткен тарихқа тағзым етуге бағытталған тағылымды тәрбие сабағы болды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Халыққа Ақтау, Алматыдағы бұрынғы АЭС-терге экскурсия жасату керек — Ричарт Оликтон

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз