aspan

«BR DETAILING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 

Шымкентте «BR Detailing» орталығының ашылу салтанаты өтті. Жаңа орынның таныстырылымына елімізге белгілі блогерлер арнайы келіп, шараның көрігін қыздырды. Көлік күтімінің жаңа деңгейін ұсынатын автоателье қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді көздейді.

Темір тұлпарына ерекше күтім жасатқысы келетін тұрғындар үшін бұл орталық-таптырмас мүмкіндік. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген мекеме көлік тазалығы мен күтімінің жаңа деңгейін ұсынуды мақсат етеді. Орталық тұтынушыларына автохимия,, бояу, сызаттарды жөндеу және басқа да көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Орталықтың негізгі ерекшелігі — кәсіби мамандардың қолымен орындалатын жоғары сапалы қызмет көрсету мен заманауи жабдықтар арқылы көлік күтімінің шеберлігіне мән берілуі.

Орталықтың ашылуы қаладағы автокөлік күтімі саласында жаңа бір бағыттың бастамасы. Әрбір көлік иесі мұнда өз көлігін мінсіз күйде сақтап, уақыт өткен сайын оның көркемдігін арттыра алады. Сондай-ақ, «BR Detailing» өз қызметін ұсына отырып, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсету арқылы Шымкенттің автокөлік күтіміндегі беделін арттыруды көздейді.

Ашылу салтанатына әлеуметтік желі жұлдыздары арнайы шақырылып, шараның сәнін келтірді. Қонақтар орталықтың қызметімен танысып, әсерімен бөлісіп, жаңа мекеменің жоғары стандарттарына оң бағаларын берді.

Related posts

Ринат Зайытов: «800 мың теңге жалақым жетпейді»

ЖАС АҚЫНДАРҒА ЖОЛ АШҚАН “КҮМІС ҚАЛАМ»

Оқытушылар мен ғалымдарға қосымша ақы төленбек

Leave a Comment